Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 ақпан 2024білім, меморандум, ынтымақтастық

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Shakarim University мен Абай облысы Білім басқармасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум – өңірдегі білім беруді дамыту мен кадрлар даярлаудағы маңызды қадам. Оның көмегімен университет пен мемлекеттік орган аймақтың интеллектуалды және экономикалық дамуына ықпал ететін қолайлы білім беру ортасын құру үшін күш біріктіреді.
Басты мақсат – университет студенттеріне кәсіби дағдыларды дамытуға, білім алушылардың тағылымдамадан өтуі мен түлектердің жұмысқа орналасуына көмек көрсету, бірлескен мәдени-білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру, жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектеп оқытушыларының біліктілігін арттыру.
Меморандум аясында тараптар білім, тәжірибе және ресурстар алмасу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бірлескен зерттеулер мен іс-шаралар жүргізу, сондай-ақ студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына қолдау көрсетеді.
Ресми шара барысында Абай облысы Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев коллаборацияның маңыздылығын атап өтіп, білім ордасының ұлттық ғылым мен мәдениеттің ірі орталықтарының бірі, өңір педагогтарының 70%-ы университет түлектері екендігін баса айтты.
Өз кезегінде университет басшысы Думан Орынбеков жыл бойы аталған мекемемен бірқатар жобаларды сәтті іске асырып келгендігін, оқу орны тарапынан әрбір білім беру мекемелеріне педагогикалық курсты өткізе алатындығын, әсіресе, шалғай аудандардың оқытушыларына курс өткізу жоспарда бар екендігін айтты. Бүгінде университеттің педагог мамандарға арналған біліктілікті арттыру курстары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұсынған педагогтар біліктілігін арттыру курстары тізіміне енгізу жұмыстары жүргізілген болатын.
Басқосуда білім беру саласының мамандары Мемлекет басшысының оқу саласына қатысты «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері, «Мерейлі ұстаз», мектеп саласындағы ғылым, ғылыми кеңес сынды мәселелерге қатысты өз ойларын талқыға салды.