Шәкәрім шаңырағында Семей, Курчатов, Риддер қалаларының және Бородулиха ауданының Халықты жұмыспен қамту орталықтарының өкілдерімен кездесу өтті.
Шараны Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі ұйымдастырды. Кездесуге университеттің бітіруші түлектері қатысты.
Жиынға қатысқандар:
- Курчатов қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы-Баймухаметова Балнұр Нұрхатқызы;
- Курчатов қаласының №1 ЖОББМ директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары – Бакиева Салтанат Қызыровна;
- Курчатов қаласының №2 ЖОББМ директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Заманбекова Жанар Қалымжанқызы;
- Курчатов қаласының №3 ЖОББМ директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары – Сыдыкова Анар Смаковна;
- Риддер қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры - Бейлханов Марат Тоқтарбекұлы;
- Бородулиха аудандық Жұмыспен қамту орталығының директоры-Бексатов Жәнібек Ахметханұлы;
- Семей қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының маманы-Төлеубаев Ерболат Бейсенбекұлы;
- Семей қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының маманы-Тайшыбаев Абзал Серікұлы.
Кездесудің мақсаты: "Мәңгілік Ел жастары-индустрияға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылғы бітіруші түлектерге мемлекет ұсынатын әлеуметтік қолдауды ақпараттандыру.
Бүгінгі таңда «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы - жастарды қолдау бастамасы болып табылады.
Кездесу барысында студенттер серпіліс тудырған "Серпін" мемлекеттік бағдарламасының түлектеріне ұсынылатын әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат алды.
Шығыс Қазақстан облысында жұмысқа орналасқан түлектерге бір адамға 70 АЕК мөлшерінде материалдық көмек; жалдау (жалға алу) бойынша бір адамға 20 АЕК мөлшерінде материалдық көмек және бір жыл ішінде Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу ұсынылады.
Сонымен қатар бітіруші курстардың білім алушыларына университетіміздің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері Ж.Е. Шакенов жұмысқа жіберу, өз бетінше жұмысқа орналасу, жұмысты өтеу міндетінен босату қағидаларын түсіндірді.
Жиын соңында түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.