Бүгін Шәкәрім университетінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Филология факультетінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты құттықтау шарасы өтті.
Таңертеңнен бастап барлық оқу ғимараттарында мерекелік атмосфера орнады. Кіре берісте құрылымдық бөлім басшыларын, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін студенттер әуе шарларымен қарсы алып, барлығына тәттілер мен құттықтау тілектерін сыйлады.
« «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» деген тақырыппен бүгін тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қызметкерлер мен білім алушыларға іс-шара өткіздік. Осындай іс-шаралардың тәрбиелік маңызы зор. Кейінгі шәкірттерге болашақта пайдасын тигізеді деген үміттемін. Тілді насихаттау әр студенттің парызы»,- деді Филология факультетінің декан орынбасары Шугыла Макановна.
‼️Айта кететіндігі, рухани мейрамның 5 қыркүйекте тойлануына себеп болған – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.