Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 қараша 2021

МЕДИА АЙДАР: ФАКУЛЬТЕТ ТЫНЫСЫ: ЖМФ / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Кафедра филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының оқытушылары Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне барып қайтты.

Сапар барысында өсімдіктерді интродукциялау, қарағайлы орманның флорасы мен фаунасы және НЗМ аумағының өсімдіктеріне мониторинг жүргізу  (өсімдік жамылғысының экологиялық жағдайын бағалау, мектеп алаңында облысымыздың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін жерсіндіру, мектеп аумағында аллелопатияны зерттеу, НЗМ мектеп учаскесінде дәрілік өсімдіктерді өсіру) т.б. бойынша университет студенттері мен мектеп оқушыларының ғылыми жобалану мәселелері талқыланды.

Қазақстандық орта білімнің жағдайы шетелдік профессор Р.М.Мамадов үшін үлкен қызығушылық тудырды. Сапарының алғашқы күндерінде ол: «Көптен естіген НЗМ-ді көргім келеді», – деген еді.
Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік мәселелер жөніндегі орынбасары Р.А.Каиркенованың ұйымдастыруымен мектеп айналасына экскурсия барысында шетелдік ғалым робототехника, нанотехнология, биология, қолданбалы өнер кабинеттері, жылыжай, т.б.  танысты. 

Кездесу барысында дарынды балалардың табысты білім алуына барлық жағдай жасалған  қалалық емес оқушыларға арналған мектеп-интернат Р.Маммедов үшін таңданыс тудырды.

Бұл жаңашыл мектептің ұстаздар қауымы негізінен бұрынғы педагогикалық институт, қазіргі Шәкәрім атындағы университеттің түлектерінен құралған. Физика мұғалімі Орынбаев Б.Н. робототехниканың элективті курсы және финалы 2022 жылдың сәуір айында Америкада өтетін FTC халықаралық олимпиадасының ұйымдастырушылары ұсынған REV роботының жұмысы туралы айтты.
Мектеп директоры Б.Т. Каиржановпен кездесуде түрік университеттерімен ықтимал ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мектеп директоры Шәкәрім университетінде жаратылыстану-математикалық ғылымдар саласындағы STEM білім беру бойынша НЗМ студенттері үшін жазғы лагерь құру туралы өтінішін білдірді.

Өз пікірінде Рамазан Мамадов: «Егер Сіздің еліңіздің білім беру саласына осындай көңіл бөлінсе, онда мұндай елдің болашағы зор»!-деді.