Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 қараша 2023семинар тренинг

ОНЛАЙН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ»

Бүгін Шәкәрім университетінің студенттері «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» атты екікүндік онлайн семинар-тренингке қатысуда.

 

Тренингтің ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы.

 

Шараға оқу орданың қазақ және орыс бөлімдерінен 25 студент таңдалып алынды. Семинарды ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова ашты.

 

Сондай-ақ, жетекші ғылыми қызметкер Ақбота Хамитова «Әділеттілік: тұжырымдамалық қағидаттар. Қазақстандық қоғамның социомәдени идеалдары. Қарама-қайшылықтар бар ма? Жаңа құндылықтарды қалыптастыру мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды.

 

Семинар-тренинг барысында студенттер интеллектуалды ой-өрістерін дамытатын жаттығулар мен тапсырмалар орындады, еркін пікір-алмасу болды.

 

Аталған семинар білім алушыларға жаңа, өзекті білім беріп қана қоймай, патриоттық және азаматтық сананы қалыптастыруға ықпал етеді. Дәрістер мен тренингтерде тыңдаушылар жаңа құндылықтардың қалыптасуы, қоғамның социомәдени идеалдары туралы көптеген жаңа мағлұматтар алады.