Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 қараша 2021

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын-алып, жастар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы ретте Шәкәрім шаңырағының №2 жатақханасында «Қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын алу, бұзақылық, интернет алаяқтық» тақырыбында дәріс-әңгіме өтті.

Оған Орталық ПБ КТІ УПИ полиция майоры А. Бекишева , УПИ полиция майорлары С. Қапатаев және М.Есенғариндер қатысты.

Дәріс барысында білім алушылар өздерін мазалаған сұрақтарымен бөлісіп, пікір алысты.