Тәрбие беру тал бесіктен басталады. Болашақ ұрпақтың өнегелі болуы жастайынан алған тәрбиелеріне байланысты. Осы орайда Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен "Әлеуметтік зерттеулер арқылы университеттегі тәрбие жұмысының өзекті мәселелерін анықтау" тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға еліміздің ЖОО басшылығы мен мамандары қатысты.
Аталған семинарда Басқарма мүшесі - әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Б.Иісбек "Студенттердің белсенділігін диагностикалау жүйесі" тақырыбында баяндама жасады. Проректор өз сөзінде университеттің миссиясы мен бағдарына тоқталып, студенттер контингентін қалыптастыруда ЖОО дарынды студенттерді тартудың пәрменді тетіктерін жасақтайтындығын айтты. Сондай-ақ, университетіміздің жаңа жобасы KPI студенттердің белсенділігін диагностикалау жүйесі туралы сөз етті.
Семинарға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, аталған бағыт бойынша негізгі мәселелерді шешу жолдарын талқылап, қосымша мәліметтер алды.