Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі06 тамыз 2024студент

SHAKARIM UNIVERSITY 3-ші курс студенті Мади Айтқалиев: Дүниежүзінде AT мамандарына сұраныс артқан

 

 

Не үшін IT мамандығын таңдадым?

Алдымен, IT әлемі менің шығармашылық қабілетімді дамытуға мүмкіндік береді. Бағдарламалау мен веб-дизайн – бұл тек техникалық білімді қажет етпейтін, сонымен қатар өнер мен шығармашылықты үйлестіретін сала. Код жазу арқылы мен өз идеямды жүзеге асыра аламын, жаңа жобалар мен өнімдер жасап, өз қабілеттерімді көрсете аламын. Сонымен қоса, IT мамандығында әрдайым жаңа идеялар мен тәсілдер іздеу қажеттілігі туындайды. Бұл менің зияткерлік дамуым мен кәсіби өсуіме ықпал етеді.

 

Екіншіден, IT мамандығының болашағы зор. Ақпараттық технологиялар мен интернеттің дамуы жаңа жұмыс орындарын, жобаларды және міндеттерді туындатады. Дүниежүзінде AI мамандарының сұранысы артып, мамандарға деген қажеттілік күннен күнге өсуде. Бұл маған өз мамандығымды таңдаған кезде тұрақты және табысты карьераға ие болуға мүмкіндік береді.

 

Ақпараттық технология саласы, сонымен қатар, әлемді өзгерту мүмкіндігімен ерекшеленеді. Жаңа технологияларды әзірлеу арқылы мен қоғамға, экономикаға және адамдардың өміріне оң әсер ете аламын. Мысалы, мені жасанды интеллект немесе деректерді талдау сияқты дәуірлік жаңалықтар қызықтырады. Бұл технологиялар қоғамның әрбір саласына еніп, өмірімізді жеңілдетуге, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

 

Ендеше Мади, ақпараттық технологиялар әлеміне қадам басу арқылы заманауи қоғамның маңызды бөліміне айналып, болашақты қалыптастыруға өз үлесіңді қосуға тілектеспіз