Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 тамыз 2024студент

Shakarim University болашақ магистірі Қуаныш Ахметов: Химия – бұл тек ғылым емес, бұл менің әлемімді түсінуімнің кілті.

Неліктен химия? Бала кезімізден бәріміз магиялық әсері бар, алып күш тудыратын, сиқырға толы сұйықтық дайындайтын түрлі фильмдер мен мультфильмдер көріп өскеніміз сөзсіз. Бұл нәрсеге қызыққаным сонша дәл теледидардағыдай болмаса да болашағымды химиямен байланыстырғым келді. Химия – бұл тек ғылым емес, бұл менің әлемімді түсінуімнің кілті.

2020 жылы оқуға түсерімде Шығыс Қазақстан облысының жетекші жоғары оқу орны ретінде саналды, әрине, қазір де бәрі өте тамаша. Білім сапасы, ыңғайлы орналастырудың арқасында мен кез-келген уақытта ата-анаммен, жақындарыммен көрісе аламын. Білім алушы ретінде, бұл жерде мен ойымдағы ортамды таптым. Жеке қабілеттерімді дамытып, тәжірибе жинай бастадым. Сіздерге де соны тілеймін, құрметті абитуриент! Біз сізді Шәкәрім университетінде күтеміз!