Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі04 тамыз 2024студент

SHAKARIM UNIVERSITY «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Еркеназ Шағыманова: Болашағығыздың жарқын болуын қалайтын түлек үшін-Шәкәрім университеті ең дұрыс таңдау!

 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын таңдаған себебім, немесе не  себепті дәл осы мамандықты таңдау керек?

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдаудың бірнеше маңызды себептері бар:

Тілдік дағдылар: «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы тілдік дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде коммуникативті қабілеттеріңізді арттырып, қоғаммен араласуға, тілдік дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

Кәсіби мүмкіндіктер: «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы мұғалім, аудармашы, журналист, редактор, ғылыми қызметкер сияқты әр түрлі кәсіби салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын стипендия мен жалақының артуы жастар үшін стимул.

 Әдебиеттану және тіл білімі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндігі көп. Уақыт алға жылжыған сайын тіл білімі саласында жаңа салалар көбеюде.

 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын таңдау арқылы, сіз тек өз болашағыңызға емес, сонымен қатар елдің мәдени және рухани болашағына да үлес қосасыз. «Қазақ тілі мен әдебиеті» өнерлі, ғылымға жақын, ақын, айтыскер, болашақ тілші, редактор жастардың тоғысқан ордасы.

 

Шәкәрім университеті-өңірдегі іргелі жоғары оқу орындарының бірі. Университетте білікті маман атануға ұмтылған талантты да талапты жастар, белсенді әрі жарқын студенттік өмір, қосдипломды білім беру бағдарламасы, шетелдік арнайы курстар арқылы тәжірибе алмасу, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық, тезірек тәжірибе жинақтауға арналған дуалды білім беру мен MINOR жүйесі қамтылған.

Кәсіби білікті маман атанып, студенттік өміріңіздің қызықты, болашағығыздың жарқын болуын қалайтын түлек үшін-Шәкәрім университеті ең дұрыс таңдау!