Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі08 тамыз 2024студент

Шәкәрім жоғары колледжіне білім грантына оқу шақырамыз, талапкер!

 

Абай облысының техникалық кәсіптік білім беру базасында білім беру грантына құжаттарды қабылдау педагогикалық мамандықтар үшін 15 тамызға дейін, техникалық, ауыл шаруашылық мамандықтар үшін құжаттарды қабылдау 9 сыныптан кейінгі талдапкерлер үшін 18 тамызға дейін, 11 сыныптан кейінгі талапкерлер үшін 20 тамызға дейін  жүргізіледі.

Шығармашылық емтихан бойынша «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына  тапсырған талапкерлерге шығармашылық емтихан 12-13  тамыз күндері өткізіледі. Педагогикалық мамандықтарға тапсырған талапкерлерге әңгімелесу мен психологиялық тест тапсыру 12 тамыз күні өткізіледі.

Ақылы оқуға талапкерлерді 25  тамызға дейін қабылдайды.

Техникалық және ауыл шаруашылық мамандықтары үшін 2+2 бағдарламасы 2 жыл колледжде 2 жыл университетте оқу мүмкіндігі қарастырылған. Педагогикалық мамандықтар үшін 9 сыныптан соң 4 жыл, 11 сыныптан соң 3 жыл білім алады.

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Екібай Қашаған 2, №3 оқу ғимараты

Сенбі күні қабылдау комиссиясы 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды

Байланыс номері: ㅤ

☎️ +7(7222)31 60 29

+7 708 467 1722