Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі03 желтоқсан 2021

ШӘКӘРІМДЕ «УНИВЕРСИТЕТ БАЛЫ» ӨТТІ

Ұлағат ұясына айналған білім мен ғылымның қарашаңырағында дәстүрлі он бірінші «Университет балы» өтті. Шара жастарды бекзат өнерге тарту арқылы оларды жоғары мәдениеттілікке, инабаттылық пен қайырымдылыққа баулу мақсатында ұйымдастырылды.
Жиынға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. «Әр ханшайымның өмірі ертегідей болу керек» деген ұранмен басталған бұл кеш университеттің Студенттік парламентінің ұйымдастыруымен өткізілді. Алғы сөз Басқарма Аппаратының басшысы С.Турдинге берілді.
 
Университетіміздің оқу орны кереметтей құлпырған қыздар мен жігіттерге толып, толық дайындықпен келген әр факультет пен колледж жұптары вальс биін билеп шықты. Университеттің күнделікті өміріне үйренген барша студенттер мен оқытушылар үшін бұл күн ерекше болды. Вальстің әуені жылы соғып, келгендердің көңілін көтерді. Кеш шымылдығын Инженерлік-технологиялық факультеті әсем биімен бастады. Ветеринария және агроменеджмент, Филология, Шәкәрім жоғары колледжі, Гуманитарлық-экономика және Жаратылыстану-математика факультеттері студенттерінің биін қадірлі қонақтар қызыға тамашалады.
 
Шара нәтижесі бойынша 1 орын Гуманитарлық-экономика, 2 орын Филология, 3 орын Ветеринария және агроменеджмент факультеттері иеленді. Кеш соңында университетiмiздiң «Ханзадасы мен Ханшайымы» анықталды. Инженерлік-технологиялық факультетінің білім алушылары Байекенов Жігер мен Серікқызы Тоғжан атанды.