Ормандарды молықтыру көлемін ұлғайту жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шеңберінде және 17 – қазан «Орман шаруашылығы жұмысшылары күніне» орай «Орман шаруашылығы және аңшылықтану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері топ эдвайзері PhD А.Закиевамен бірге «Семей орманы»МОТР» РММ Семей филиалының Краснокордон орманшылығы аумағында қарағай көшеттерін отырғызу іс – шарасына қатысты.
Іс – шараның мақсаты – Ертіс өңірінің қарағайлы орманын қалпына келтіру.
Барлығы 20 мың дана жабық тамыр жүйесі бар көшеттер 4,8 гектар жерге отырғызылды.
Жалпы «Семей орманы»МОТР» РММ жағдайында 2021-2025 жылдары орманды қалпына келтіру бойынша келесі жоспар қойылған: 2021 жылы 3600,0га ауданға, 2022 жылы - 4500,0 га-ға, 2023 жылы – 5100, га-ға, 2024 жылы – 6100,0 га-ға, 2025 жылы – 6100 га-ға.
Іс – шараға қатысқан 1 курс студенттері таңдаған мамандық туралы пайдалы ақпараттар алды, ағаш отырғызу ісінің қыр – сырымен танысты әрі өртеңген жерлерді қалпына келтіруге өз үлестерің қосты.
Ағаш отырғызу – үлкен тәжірибе, соның арқасында Сен ғаламшар үшін және Өзің үшін уақытыңды пайдалы іске арнайсың.