Шәкәрім университетінде халықаралық ынтымақтастық аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Shakarim International-Collaboration Centre ЖОО қызметін әлемдік білім және ғылым тәжірибесінің қоржынына біріктірудің маңызды бөлігі.
Бүгін Басқарма төрағасы – Ректор Бауыржан Ердембеков академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша күзгі семестрде шетелге оқуға баратын білім алушылармен кездесті. Студенттер Еуропаның жетекші ЖОО бірі – Польша Республикасының Быдгощ қаласындағы Экономика университеті мен Түркия елінің Памуккале университетінде оқитын болады.
Кездесу барысында ректор студенттердің Еуропада өткізетін алдағы семестрдегі жоспарларын талқылады. Сапардан жарқын эмоциялар жинауға, уақыттарын барынша қызықты әрі жақсы өткізуге тілектестігін білдірді. Өз кезегінде шәкәрімдіктер университет басшылығына қолдау көрсеткені үшін ризашылықтарын жекізді.
Университет басшысы қазіргі жоғары білім беруде білім алушылардың ұтқырлығының маңыздылығын, сондай-ақ шетелдік ұтқырлықты дамыту бүгінде жыл сайын тек қарқын алатындығын атап өтті. Сондай-ақ білім алушыларға ақ жол тілеп, Еуропа білімін еңсеріп, Отанымыздың ғылыми әуелетіне үлес қосатын ілім алып келетіндіктеріне сенімді екенін айтты.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін
#ShakarimUniversity басшылығы академиялық ұтқырлық бойынша білім алатын студенттердің санын арттыратынын, сондай-ақ шетелде оқытуды қол жетімді етіп ұйымдастыратынын мәлімдеді.