Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 қыркүйек 2021

УНИВЕРСИТЕТ БІЛІМ КҮНІ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Бүгін сағат 10:00-де Шәкәрім университетінде "1 Қыркүйек – Білім күні" атты салтанатты шара өтті.

Шараға Басқарма төрағасы – Ректор Б.Ердембеков , Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор А.С.Еспенбетов, Халықаралық педагогикалық білімдер ғылым академиясының академигі, Университет ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Қ. Есенжолов, Семей қаласының әкімінің орынбасары А.С. Садырбаев және университеттің құрылымдық бөлім басшылары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Салтанатты шараның алғашқы құттықтау сөзі университет басшысы Бауыржан Аманкелдіұлына берілді.
Университет ректоры, профессор Бауыржан Аманкелдіұлы Ердембеков оқу орнының профессор-оқытушылары мен студентерін, магистранттарын білім күнімен құтықтап, Шәкәрім шаңырағын әлемдік білім кеңістігінде алатын орнын айта келе, халықаралық инновациялық технологияларды игере отырып, білім беру сапасын арттыру жөніндегі игі істері туралы айтты.

«Алғаш рет «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2021-2022 оқу жылында үздік бітірген 44 студентке Шәкәрім атындағы түрлі жеңілдіктер мен білім беру гранттары берілді. Сонымен қатар биыл оқуға қабылданған ата-ана қамқорлығынан айрылған студенттерімізге университет ғылыми кеңесінің шешімімен 1-жылдық Шәкәрім атындағы білім грантын тағайындау жөнінде шешім қабылданды»,- деді университет басшысы Б.Ердембеков.

Аталмыш шарада жастардың білім алуына демеушілік көрсетіп отырған меценаттарды университет басшысы атынан алғыс хатпен марапаттады. Шәкәрім шаңырағынан білім алып, баласын да осы киелі орда босағасына бағдар берген, қазіргі таңда немересін осы білім ордасына талаптандырған Сәкения Қабдоллақызы ата-аналар атынан болашақ маман иелерін білім күнімен құттықтады.
 

Салтанатты шара мерекелік концертпен ұласты. Сонымен қатар шілде айында жарияланған «Шәкәрім маршы» конкурсының жеңімпазы анықталып, киелі білім ордасында «Шәкәрімнің шаңырағы» әні шырқалды.

Кеш соңында оқуға жаңа түскен талапкерлерге «Студенттік билет» пен «Білім кілтінің» символикасы табысталды.

Айта кетейік, әлемде орын алған пандемияға байланысты қонақтарымыздың 70 % ZOOM платформасы арқылы қатысты. Биылғы оқу жылы санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі форматта жүзеге асырылады.
Салтанатты кештің бейнеролигін алдағы уақытта жүктейтін боламыз.