Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 ақпан 2022

УНИВЕРСИТЕТТЕ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

 
Шәкәрімдік профессор-оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлім қызметкерлерінің арасында дәстүрлі спартакиада басталды.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өтетін дәстүрлі спартакиада да командалар спорттың 9 түрінен бақ сынамақ. Сайыстың алғашқы күнінде ойыншылар бадминтон спорт түрінен өзара сынға түсті. Спартакиада бір айға жалғасады.
«Менің ойымша, осындай спорттық іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ұжым арасында қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізеді», - деді Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Дулат Советханұлы.
Айта кететіндігі, аталмыш спартакиаданың ашылуы 4 ақпан күні, яғни, Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылуымен тұспа-тұс келеді.