Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 желтоқсан 2021

ЕЛОРДАНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫМЕН ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қараша айының 29-30 күндері Шәкәрім университетінің делегациясы Astana IT University, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне ресми іс-сапармен барып қайтты. Делегация құрамында Басқарма мүшесі, құрылымдық бөлім басшылары мен қызметкерлері болды.
Сапардың мақсаты академиялық, ғылыми ынтымақтастықтың бағыттары мен тетіктерін анықтау және елорданың жоғары оқу орындарының қызметімен танысу.
Сапар барысында ЖОО-ның өзекті мәселелері талқыланды:
  • Заман талабына сай білікті мамандарды даярлау үрдісі: ББ бағалау критерийлерін әзірлеу, білім беру процесін ұйымдастыру, оның ішінде дуалды оқыту элементтерін енгізу, бейресми білім беру нәтижелерін қайта есептеу және т.б..
  • Сапаны Ішкі қамтамасыз ету стандарттарын сақтау бойынша ЖОО үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу.
  • ЖОО бизнес-процестерін цифрландыру бойынша тәжірибе алмасу.
  • Білім және ғылым саласындағы жобаларын коммерцияландыру үрдісі және т.б.
Шәкәрім университетінің делегациясын ыстық ықылас білдіріп қарсы алып, қонақжайлылық танытқандары үшін Astana IT University , Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басшылықтарына алғыс білдіреміз.