Дайындық бөлімі
"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ дайындық бөлімі қызметі тыңдаушылардың жалпы білім деңгейін және тілдік даярлығын арттыруға бағытталған.
Дайындық бөліміне қабылдау және білім беру Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 24 маусымындағы №310 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Мақсаты – оқыту бағытына қарай қазақ тілі мен жалпы білім беретін пәндерді оқытуды ұйымдастыру арқылы тыңдаушыларды жоғары оқу орнында одан әрі қосымша білім алуға дайындау.
Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар мемлекеттік тілді және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға қажетті оқу материалдарын меңгеру үшін білім беруді ұйымдастыру.
- Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары оқу орындарына түсу үшін оқу пәндері циклі бойынша дайындық деңгейін арттыру.
- Шетелдік азаматтардың тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін білім беруді ұйымдастыру.
- Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
- Қазақстан Республикасының тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар үшін.
Оқуға қабылдау конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант)*
- жеке тұлғалардың есебінен (ақылы)**
жүзеге асырылады.
*"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес оқыту алғаш рет жүзеге асырылса, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тегін білім беріледі.
**Ақылы білім беру конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Төлем мөлшері мен тәртібі нормативтік құқықтық актілер мен білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа сәйкес белгіленеді.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар:
- электрондық немесе қағаз түрінде қабылдау туралы өтініш;
- шетел азаматының жеке басын куәландыратын паспортының электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы, нотариат куәландырған аудармасы;
- ұлты қазақ анықтама (Моңғолия азаматтары үшін арнайы анықтама, ҚХР азаматтары үшін азаматтық куәлік), нотариат куәландырған аудармасының электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;
- білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы және мөрдің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған сканерленген аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда).
Ескерту: электронды түрде тіркелу кезінде өтінішті басып шығару, өз қолыңызбен толтыру, сканерлеу арқылы басқа құжаттармен бірге электронды поштаға жіберуіңіз қажет. Әр құжат жеке документ ретінде сканерленіп, өз атауымен PDF форматта сақталып, (мысалы ұлты қазақ анықтама, шетел паспорты т.б.) бір хатпен көрсетілген электронды поштаға жолдану қажет.
Құжаттарды қабылдау - 5 тамыз - 5 қыркүйек аралығы
Құжаттарды қабылдау электронды түрде (онлайн) жүзеге асырылады. foundation@shakarim.kz электрондық поштасына құжаттарды салып, бір хатпен жіберіледі.
Құжаттарды электрондық формада ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, құжаттар қағаз түрінде (офлайн) Семей қаласы, Қашаган 1 мекенжайында орналасқан №3 оқу корпусындағы 206-кабинетке тапсырылады.
Ұсынылған құжаттар талаптарға сәйкес дұрыс болған жағдайда тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсыруды тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға "Қабылданды" деген хабарлама жолданады. Ұсынылған құжаттар сәйкес келмесе, түсушіге құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Оқуға түсу үшін құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама алынғаннан бастап (бас тарту себебін түзетіп) үміткер конкурсқа қатысу үшін 5 қыркүйекке дейін қайта тіркелуіне болады.
Конкурстық негізде қабылдау емтиханы: 10-15 қыркүйеқ аралығында Әңгімелесу (сұхбат) түрінде офлайн немесе онлайн (ZOOM бағдарламасында) жүргізіледі.
Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ, Дайындық бөлімі, Қашаған көшесі,1, №3 оқу корпусы, 206-кабинет.
Байланыс телефондары: +7 747 732 96 32, +7 775 433 54 49
- Қымбатты талапкер
- Қабылдау комиссиясы
- Дайындық бөлімі
- Қос дипломды бағдарламалар
- Білім беру бағдарламаларының тізімі
- Гранттар мен жеңілдіктер туралы ереже
- Докторантура
- Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Т.Аманов атындағы математика пәнінен республикалық олимпиада
- Пәндік олимпиадалар
- Серпін 2050