пресс-служба Университета Шакарима21 февраль 2025шәкәрім

ЕЛ БІРЛІГІ БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ!

Shakarim University-де «Аймақтық ерекшеліктер контексіндегі ұлттық бірлік пен этносаралық өзара әрекеттестік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

 

Іс-шарада алғашқы болып сөз алған университеттің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов  Қазақстанда этносаралық татулық пен бірлік – мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығын сақтауда және ұлттық бірегейлікті нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

 

 

Дөңгелек үстел басындағы басқосуға Абай облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Назерке Аққожина, Абай облысы «Ардагерлер кеңесі» өкілі Құсмілия Нұрқасым, Шәкәрім университеті «Тарих» кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Мұхтарбек Кәрімов, «Тарих» кафедрасының профессоры, т.ғ.к.Амантай Исаұлы,  Аlikhan Bokeikhan University «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Аман Рахметуллин және студенттер қатысып, ұлттық бірлік пен этносаралық қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен олардың аймақтық ерекшеліктерін  талқылады.

 

 

Сонымен қатар, университеттің Шынәділ Сүбәділ, Мухаммад Шахид Усама, Шахзода Жавланбекова сынды шетелдерден келіп білім алып жатқан студенттері «Қазақстандағы этносаралық қатынастар – жастар көзімен» тақырыбында баяндама жасап,  Қазақстандағы этносаралық қатынастардың жалпы бейбітшіл сипатын, әсіресе, жастар арасындағы қарым-қатынастарды нығайту үшін білім,  мемлекеттік тіл мен мәдениетке баса назар аудару қажеттігін жеткізді. 

 

 

Аталған дөңгелек үстелдің қорытындысы ретінде, ұлттық бірлікті нығайту және аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, этносаралық үйлесімділікті сақтау тұрғысында бірқатар ұсыныстар ортаға салынды.