AP22686900 "Қойдың стронгилятозды-трихоцефалезды-эймериозды инвазиясын алдын-алу, тиімді әдістермен емдеу"

Жоба жетекшісі: Ахметжанова Айжан Еркингазыевна, қауымдастырылған профессор м.а., PhD


Өзектілігі:

Абай облысы Қазақстанда ең ірі қой шаруашылығы өңірі болып саналады. Мұнда жайылымдық жері аумақты, азық ресурстары мол болғандықтан қой шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Алайда, қой малының саны өсіп, одан алынатын өнімдердің сапалы болуына өңірде жиі кездесетін, оның үстіне топтасып келетін инвазиялы аурулар едәуір экономикалық тұрғыдан шығын келтіреді. Мал шаруашылығын қарқынды дамымауына жануарлар арасындағы инвазиялық ауруларға қарсы күрес жұмыстарының нәтижелі жүрмеуі де әсер етеді. Мал организмінде бір уақытта бірнеше ауру қоздырғыштары, оның ішінде гельминттер және паразитті қарапайымдылар тіршілік етеді. Олармен қойлардың 80% жуығы зақымдалған. Қойдың жүйке жүйесінде, бұлшық етінде, өкпесінде орналасқан тоғышар құрттарға қарағанда, асқорыту мүшелеріндегі тоғышар құрттардың саны да көп, зияны да орасан.


Мақсаты:

Абай облысы бұрынғы Семей полигоны радиациялық қауіпті аймақтарында орналасқан қой шаруашылықтарында Қойдың стронгилятозды-трихоцефалезды-эймериозды инвазиясының эпизоотологиясын зерттей отырып, емдеу мен аурудың алдын-алудың инновациялық әдістерін іздестіру және аралас инвазиямен зақымданған қой етінің сапасын анықтау.


Күтілетін нәтиже:

Абай облысы бұрынғы Семей полигоны радиациялық қауіпті аймақтарында орналасқан қой шаруашылықтарының радиациялық фоны анықталады, қой шаруашылықтарында қойлардың стронгилятозды-трихоцефалезды-эймериозды инвазиясының түр құрамы мен таралу динамикасын анықтау, геоақпараттық жүйесін қалыптастырылады. Стронгилятозды-трихоцефалезды-эймериозды инвазиясына шалдыққан қойдың етін ветеринариялық-санитариялық сараптау және сапасы анықталып, қойлардың ассоциативті инвазиясына қарсы жаңа антгельминтик және антиэймерийлік бірнеше композицияларды әзірленеді. Алынған нәтижелерге сай аурудың алдын алу және емдеу мақсатында шаруашылыққа ғылыми ұсыныс жасалады. Осы жоба шеңберінде алынған нәтижелер бойынша Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильдегі немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша кемінде 50 процентилі бар журналдарда кемінде 2 (екі) мақала жарияланады. Жобаның шартына сәйкес постдокторант жоба жұмысының алғашқы жылында жоба нәтижелері негізінде докторлық диссертациясын қорғайтын болады.


Қол жеткізілген нәтиже:

Абай облысы бұрынғы Семей полигоны радиациялық қауіпті аймақтарында орналасқан қой шаруашылықтарының радиациялық фоны анықталады, қой шаруашылықтарында қойлардың стронгилятозды-трихоцефалезды-эймериозды инвазиясының түр құрамы мен таралу динамикасын анықтау, геоақпараттық жүйесін қалыптастырылады.