1. Университет бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру:
- Семей қаласы және Абай облысындағы мектеп түлектеріне университет пен оның білім беру бағдарламалары туралы ақпарат тарату;
- білім беру бағдарламалары туралы буклеттер, ақпараттық парақшалар, бейне роликтер мен слайдтар дайындау;
- мектеп түлектерінің таңдау пәндері және таңдаған білім беру бағдарламалары негізінде, әлеуметтік чаттар құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
- мектеп түлектері арасында инстаграм байқауын өткізу;
- мектеп және колледж түлектері үшін ғылыми жобалар мен шығармашылық конкурстар ұйымдастыру;
- факультеттердің "Ашық есік" күндерін өткізуіне ұйытқы болу;
- кафедралардың жоғары сынып оқушыларына пәндік олимпиада өткізуіне ұйытқы болу;
- "Серпін 2050" бағдарламасына қатысатын облыстардың мектеп түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;
- кәсіптік бағдар беру мақсатында баратын мобильді топтардың іссапарларын ұйымдастыру;
- магистратура және докторантураға түсудің тәртібі туралы түсінік беру жұмыстарын ұйымдастыру;
- мектеп директорлары және 11 сынып жетекшілерімен байланыс орнату.
2. Қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру:
- қабылдау комиссиясының құрамын бекіту;
- қабылдау комиссиясын қажетті техникалық және ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.