Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі08 тамыз 2024шәкәрім университеті

Алты ай ішінде педагог мамандығын меңгеріп шық!

 

Сіз мұғалім болуды қалайсыз, бірақ дипломыңыз сәйкес келмейді ме?

Педагогикалық емес мамандықты аяқтап, мұғалімдік қызметке ауысуды жоспарлап отырсыз ба?

Біз Сізге небәрі қысқа уақыт  ішінде мұғалім болуға мүмкіндік беретін педагогикалық қайта даярлау курстарына қабылдау ашылғанын хабарлаймыз.

Педагогикалық қайта даярлау курстары — екінші жоғары білім алудың қысқа мерзімді баламасы.

Екінші жоғары білім алу үшін 2 жылдай уақытты жоғалтпай, 6 ай ішінде қажетті құзыреттіліктерді меңгеріп, педагог ретінде жұмыс істеу құқығын беретін сертификатқа ие болуға болады.

 

Сондай-ақ арнайы кәсіптік, техникалық білімі бар мамандар да педагогикалық қайта даярлау курстарынан өтіп, мектеп мұғалімі ретінде өздерін сынап, жаңа белестерге жол аша алады.

 

Кәсіби, бірақ педагогикалық емес білімі бар маман қай пән мұғалімі бола алатындығы Кадрларды даярлау бағыттарының жіктеушісіне (классификатор) сәйкес анықталады.

 

Қызықты болса, қабылдау комиссиясына +7(7222)31 60 29

+7 708 467 1722 хабарласып толық ақпарат ала алсыз!