Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 шілде 2025түлек-2025

Әсем Тыныштыбекқызы, түлектің анасы: "Бүгінгі жетістік – бұл менің қызым Айымның ғана жетістігі емес, сонымен бірге Shakarim University ұжымы еңбегінің нәтижесі"

Мен – Айым Қуандықтың анасы ретінде бүгін ерекше қуаныш пен мақтаныш сезімін бастан кешіріп отырмын. Қызым STEM білім беру жоғары мектебін табысты аяқтап, оқуын үздік дипломмен тәмамдады. Бұл – оның табандылығының, қажырлы еңбегінің және білімге деген шексіз құштарлығының айғағы.

 

 

Айым бала кезінен алғыр, ізденімпаз, жаңашыл ойлайтын, әр іске жауапкершілікпен қарайтын. Осы қасиеттері оны жоғары оқу орнында білім алуға, түрлі жобалар мен ғылыми ізденістерге белсене қатысуға жетеледі. Біз де ата-ана ретінде қызымызды қолдап, әрқашан демеп отырдық.

 

 

Бүгінде Айымның жүріп өткен жолына қарап, болашағынан зор үміт күтеміз. Қызым енді магистратураға түсіп, білімін әрі қарай жалғастырсам деген арманын айтып жүр. Біз, ата-анасы ретінде, оның бұл шешімін толық қолдаймыз және қолымыздан келген барлық көмекті көрсетуге дайынбыз. Себебі бүгінгі білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар – ел ертеңінің кепілі. Жалынды жастар туған жері мен ел игілігі үшін еңбек етемін десе – ол ұлт болашағы үшін үлкен қуаныш.

 

 

Осы сәтті пайдалана отырып, балама сапалы білім берген ұстаздарға, оқу ордасына үлкен алғысымды білдіремін. Бүгінгі жетістік – тек Айымның ғана емес, бүкіл ұжымның еңбегі. Алда әлі де биік белестер, үлкен мақсаттар бар. Сол жолда Айымның армандары орындалып, туған елінің өркендеуіне сүбелі үлес қосады деп сенемін.

 

Өміріңді сарып қыл өлгеніңше,

Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.

Шәкәрім Құдайбердіұлы