Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 тамыз 2024интервью

Достар, бүгіннен бастап Freedom Grants білім беру жобасы жүзеге асатынын қуана хабарлаймыз!

Freedom Grants – талапкерлерге білім беру гранттарын иеленіп, еліміздің үздік университеттерінде тегін білім алу мүмкіндігін ұсынатын арнайы жоба. 

Жоба аясында біздің сенімді серіктесіміз Freedom Bank негізгі ҰБТ-ны сәтті тапсырып, SHAKARIM UNIVERSITY білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білім алғысы келетін талапкерлерге  білім беру гранттарын ұсынады. 
 
Freedom Bank гранттары келесі білім беру бағдарламалары бойынша толық білім алу уақытындағы (2024-2028 о.ж.) оқу ақысын төлейді: 
 
B044 – Менеджмент және басқару
B045 – Аудит және салық салу
B095 – Көлік қызметтері
B079 – Орман шаруашылығы
B078- Мал шаруашылығы 

 Freedom Bank гранттарын иелену конкурсына негізгі ҰБТ-да, жоғарыда көрсетілген білім беру бағдарламаларының топтарына сәйкес бейінді пәндермен, кемінде 75 балл жинаған талапкерлер қатыса алады.
 
Freedom Bank гранттарына үміткер болу үш
Жаңа жоба аясында Freedom Bank университетімізге қосымша білім гранттарын береді. Конкурсқа кемінде 75 балл жинаған үміткерлер қатыса алады.

Freedom Bank-тің грантына үміткер болу үшін сізге қажет:
1) 1-13 тамыз аралығында – SHAKARIM University Қабылдау комиссиясына ҰБТ сертификатын ұсына отырып, өтінім беру керек;
 
2) 14-18 тамыз аралығында – Instagram желісінде #FreedomGrants хэштегін көрсете отырып, Freedom Bank-тің @bankffin.kz парақшасы мен университеттің @shakarim_university парақшасын белгілей отырып пост немесе видео-рилс жариялау керек. Жарияланымда үміткер өзі туралы, білім алғысы келетін оқу орны (Shakarim University) туралы және  түскісі келетін мамандықты не себепті таңдағаны жөнінде әрі болашақта өңіріміздің дамуына қандай үлес қосатыны туралы айтып беруі тиіс.
 
3) 21 тамыз күні – Freedom Bank-тің @bankffin.kz парақшасында тікелей эфирде Freedom Grants гранттарын иеленген талапкерлер кездейсоқ сандарды таңдау әдісі арқылы анықталады.
 
Гранттарды тағайындау туралы толығырақ мәліметтерді grants.freedombank.kz сайтынан немесе Қабылдау комиссиясынан біле аласыздар.
 
✊ Freedom Grants жобасына қатысуға асығыңыздар, достар!