Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 маусым 2025shakarim university

Ғылым жолындағы табысты қадам!

Шәкәрім университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы 2024-2025 оқу жылын табысты аяқтап отыр. 2024-2025 оқу жылында Шәкәрім университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы 1 профессор, 12 қауымдастырылған профессор ғылыми атағын иеленді және 15 адам философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғады.

 

Ғылыми Кеңес отырысында Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков 2024-2025 оқу жылында ғылыми атақ иеленген және ғылыми дәреже берілген оқытушыларды құттықтап, дипломдары мен куәліктерін салтанатты түрде табыс етті.  

 

  PhD (философия докторы) ғылыми дәрежесін алған оқытушылар:

Дауржан Хаджимуратұлы Кенбаев, Елдос Мұхтарұлы Мұхаметов, Динара Акимбайқызы Акимова, Мәдина Қанатқызы Шаяхметова, Назерке Мұратжанқызы, Маржан Мейрамбекқызы Ташыбаева.

 

Профессор, Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын иеленген оқытушылар:

 

Ольга Александровна Степанова – профессор,  Думан Рымғалиұлы Орынбеков,  Ерлан Сауықұлы Жарықбасов, Гаухар Данилқызы  Қабдрахимова,  Болатпек Жанахметұлы Көжебаев, Альфира Нұржанқызы Сабитова, Бұлбұл Баяхметқызы Баяхметова, Қайрат Серікжанұлы Бекбаев, Гүлмира Аманғазықызы Жұмаділова, Әсел Серікқызы Сәрсембаева және  Элеонора Құрметқызы Окусхановаға қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. 

 

Әріптестерімізді ғылыми дәреже мен ғылыми атаққа ие болуларымен құттықтаймыз! Ғылыми және кәсіби қызметтеріңізге табыстар мен жетістіктер тілейміз!