Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 наурыз 2023ғылым, жеңімпаздар, ішкі грант байқауы, победители

ІШКІ ГРАНТТАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Шәкәрім университетінде ішкі гранттар туралы бұйрыққа сәйкес жастар арасында ішкі гранттар байқауы өтті.
Байқау ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар жас зерттеушілерді, докторанттар мен магистранттарды қолдауға бағытталған. Соңғы кезеңге 10 өтінім жіберілді.
Конкурстық және бюджеттік комиссия отырысының нәтижелері бойынша конкурс жеңімпаздарының тізімі бекітілді:
1. «Жылутасымалдағыш ретінде «TiO2/деиондандырылған су: этиленгликоль» наносұйықты пайдалану негізінде күн коллекторларының тиімділігін арттыру» – техникалық физика және теплоэнергетика кафедрасының PhD А.Б.Касымов.
2. «Полимерлі гидрогельдер мен криогельдерге негізделген стронций иондарының сорбенттерін жасау» – химиялық технология және экология кафедрасының PhD А.Н.Кливенко.
3. «Жоғары оқу орнында студенттің өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру» – педагогика және психология кафедрасының оқытушылары А.Д.Мухаметжанова, А.М.Айтуарова.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы