Университет түлектері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әмірхан Рахымжанов пен Жанат Омарбекова Шәкәрім университетіне арнайы келді.
Басты мақсат – жастарға референдум және конституциялық түзетулер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Мәжілісмендер референдумның ел басқарудағы саяси маңызын түсіндіре келе, осы референдум әр қазақстандықтың мемлекетті басқару процесіне араласып, пікірін, саяси ұстанымын білдіруге зор мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.
Халық қалаулыларының Шәкәрім шаңырағындағы жұмыс сапары университет білім алушылары кездесуімен жалғасты. Аталған шара Шәкәрім жастарының көкейінде жүрген сауалдарымен бөлісіп, азаматтық ұстанымдарын бағдарлауға септігін тигізді.
Кездесу барысында студенттер мамандығына сәйкес жұмысқа орналасу, әділетті қоғам құру және қазақ тілінің болашағы сынды мәселелерді қозғады.
Жаңа Қазақстан - Әділетті Қазақстанды құру жолында өзгерістердің бастамасы болатын референдумға қатысуға шақырамын. Сіздің таңдауыңыз маңызды!