Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі06 қазан 2023серебряный университет, күміс университеті

«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІ» ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Шәкәрім университетінің «Күміс университеті» тыңдаушыларының  «Қаржылық сауаттылық» және «Психологиялық өзара қарым – қарым қатынас» тақырыбындағы  біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларына сертификаттар  табыс етілді.

Курсқа қатысушылар аталған тақырыптар негізінде пайдалы мағлұматтар алып, қаржыны тиімді басқаруға және психологияның қарым-қатынас жасаудағы рөлі турасында тоқталып өтті. 

Айта кету керек, бүгінгі таңда Шәкәрім университеті мен Абай облысы Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Меморандум негізінде тыңдаушыларға қазақ, түрік, ағылшын тілдері, цифрлық сауаттылық, қаржылық сауаттылық және психологиялық саулық бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы