Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 қараша 2024меморандум

ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӘРІС

2024 жылдың 14 қарашасында Шәкәрім университетінде ҚР Президентінің жанындағы «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ Өскемен қаласы филиалының басшысы Бауыржан Қорабайұлы  Рахадиловтың «Тұрақты өңірлерді құру: өңірлік ғылымның жетістіктері мен мүмкіндіктері» тақырыбында дәрісі өтті. Баяндамадағы түйінді ойлар өңірлік ғылымның маңызы мен практикалық үлесі туралы  мәселелерді қамтыды.  Кадрларды даярлау мәселелерінде де, заманауи жоғары технологиялық өндірісті дамыту мәселелерін бірлесіп шешуде де жоғары білім мен өндірістің өзара әрекеттесу қажеттілігі атап өтілді.

ҚР Ұлттық Ғылым академиясы және Композиттік материалдар институтымен (Өскемен қ.) ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. Бұл келісімдер іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытудың, сондай-ақ жоғары оқу орындарында кадрлар даярлаудың жаңа перспективаларын ашады.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы