Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 наурыз 2025меморандум

ҚАЗАҚСТАН ЯДРОЛЫҚ ҒЫЛЫМДЫ НЫҒАЙТУДА: SHAKARIM UNIVERSITY МЕН ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін, 13 наурыз, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың қатысуымен Shakarim University мен ҚР Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл – кадр даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу және ядролық технологияларды енгізу бағытында жаңа мүмкіндіктер ашатын стратегиялық қадам.

 

Негізгі бағыттар:

- Ядролық физика, радиациялық қауіпсіздік және радиоэкология бойынша мамандар даярлау.

- Радиохимия, қатты дене физикасы саласындағы ғылыми зерттеулер.

-  Ядролық технологияларды өнеркәсіп, медицина және экологияға интеграциялау.

- NA62, DUNE, LHCb халықаралық жобаларына қатысу.

 

 Shakarim University үшін қандай мүмкіндіктер ашады?

- Заманауи зертханаларға қолжетімділік.

- Жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту.

- Университеттің әлемдік рейтингтердегі позициясын нығайту.

-  Ядролық физика, радиациялық қауіпсіздік және бұзбай бақылау әдістері бойынша кадрлар даярлау.

-  Радиоэкология, радиохимия және қатты дене физикасы бағытындағы ғылыми зерттеулерді дамыту.

-  Ядролық технологияларды іс жүзінде қолдану, инновациялық шешімдерді өнеркәсіп, медицина және экологияға енгізу.

- Ядролық физика институтының жетекші мамандары мен зертханалық ресурстарын тарта отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

 

Бұл аймақ үшін неге маңызды?

Shakarim University  ректоры Думан Орынбеков:
"Семей полигонының экологиялық мұрасын елеусіз қалдыруға болмайды. Сондықтан дәл осы жерде радиациялық қауіпсіздік, экожүйелерді қалпына келтіру және ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану бойынша шешімдер әзірленуі тиіс. Өңірдің ғылыми әлеуеті оның болашағына жұмыс істеуі керек" – деп атап өтті.

 

- Семей он жылдар бойы ядролық сынақтардың орталығы болды.  Енді ол ғылыми және технологиялық шешімдердің орталығына айналуда. Бұл ынтымақтастық радиациялық қауіпсіздік, экожүйелерді қалпына келтіру және ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.

 

Халықаралық тәжірибе:

Ең үздік университеттер ядролық институттармен серіктестікті жаңа деңгейге шығу үшін пайдаланады. University of Manchester (Ұлыбритания), Nagoya University (Жапония), Texas A&M University (АҚШ) дәл осы жолды таңдады. Енді бұл мүмкіндік Shakarim University үшін де ашық.

 

Ғылым, технологиялар, инновациялар – университет пен өңірдің жаңа шынайылығы.