ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 7 ОҚЫТУШЫСЫ "БОЛАШАҚ" СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ!
182 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 149 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасында, 7 адам докторантурасында білім алады, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.
Оқытушыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, ғылым жолында табыс тілейміз.
Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.