14 қараша күні Shakarim University «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» іс-шарасын өткізді. Бұл іс-шара Абай облысындағы мектеп түлектері, олардың ата-аналары мен болашақ талапкерлер үшін ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі спикерлері ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев және кәсіби бағдарлау саласының білікті маманы Айдос Жұманазаров болды.
Айдос Жұманазаров болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін маңызды негізгі аспектілерді ерекше атап өтті. Солардың ішінде: білім берудің негізгі бағыттары мен олардың еңбек нарығындағы сұранысы. Атап айтқанда, бүгінде қай мамандықтар сұранысқа ие және болашағы зор екендігі өңір мен елдің қажеттіліктері тұрғысынан қозғалды. Сонымен қатар, тәжірибеден өту және серіктес кәсіпорындармен ынтымақтастықты қамтитын бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінді. Бұл студенттерге нақты дағдыларды игеріп, жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді.
Кәсіптік бағдар беру маманы қоғамнан өз орныңда табудың негізі екенін және белгілі бір мамандықтың ұлттық және халықаралық деңгейде кәсіби өсуге жол ашатыны туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сондай-ақ, мүмкіндіктер мен стипендиялық бағдарламалар туралы да айтылды. Ата-аналар мен болашақ талапкерлер үлгерімі жоғары студенттер үшін оқу ақысын жабудың қандай нұсқалары бар екеніне қызығушылық танытты.
Университет өкілдері инновациялық оқыту әдістері, цифрлық білім беру технологиялары және студенттерге қолайлы жағдай жасайтын аралас оқыту формалары туралы да айтып өтті.
Ресми бөлімнен кейін Shakarim University студенттерінің қызықты шоу-бағдарламасы ұйымдастырылды.
Шара аяқталғанымен, білім алуға құлшынып, өз болашағын университетпен байланыстыруға ниет білдірген әрбір жас үшін Shakarim University есігі әрдайым ашық. Мұндай кездесулер – әр талапкер үшін университетке қарай жасалған алғашқы қадам және үлкен жолдың бастауы. Shakarim University сапалы білім, инновациялық бағдарламалар және кез келген сұраққа жауап беруге дайын мамандармен қарым-қатынаста баға жетпес тәжірибе ұсына отырып, дарынды, ынталы және өршіл студенттерге қолдау көрсетуге әрқашан дайын.