Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі17 наурыз 2025шәкәрім университеті

Shakarim University: жаңа атаудың ресми мәртебесі – жаһандық даму жолындағы стратегиялық қадам

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ үшін тарихи сәт

2025 жылдың 17 наурызында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми бұйрығымен бұған дейін «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ деп аталып келген білім ордасы жаңа қысқартылған атау – Шәкәрім университеті/Shakarim University болып бекітілді.

 

 

Аймақтардың дамуына бағдарланған бағыт: Shakarim University-дің стратегиялық бастамалардағы рөлі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық стратегияны жүзеге асыруда ғылыми және білім беру орталықтарының маңыздылығын айта отырып, аймақтардың дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. 2025 жылдың 14 наурызында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда:  

Курчатовта ядролық технологиялар және энергетика саласындағы зерттеулер орталығы болатын ғылыми қалашық құру;

Инженерия, радиациялық қауіпсіздік, ядролық физика саласындағы жоғары білікті кадрларды талап ететін үш атом электр станциясын іске қосу;

Ғылымды, өнеркәсіпті және мемлекеттік құрылымдарды біріктіретін  Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру секілді негізгі бастамалар айтылған болатын.

Shakarim University өңірдің жетекші жоғары оқу орны ретінде осы салаларға мамандар даярлап жатыр. Ядролық физика институтымен жасалған меморандум университеттің ұлттық ауқымдағы ғылыми және технологиялық процестерге интеграциялануға дайын екендігінің дәлелі.

 

 

Жаңа мәртебе – даму болашағы

 Shakarim University білім беру бағдарламаларын, ғылымды, цифрландыруды және инженерлік пәндерді дамыту арқылы халықаралық аренадағы позициясын нығайтады. Өңірлік университет еліміздің жаңа стратегиялық салалары үшін кадрлар даярлайтын құзыреттер орталығына айналады.

Естеріңізге сала кетейік, Президент сапалы білім беру және ғылыми орталықтарсыз өңірлерді дамыту мүмкін емес екенін атап өткен болатын. Ғылыми әлеуеті және индустриямен тығыз байланысы бар университеттер экономиканы өзгертуде шешуші рөл атқарады.

 

 

Атау ғана емес, жаңа стратегия

Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдаған шешімнен жоғары оқу орнының даму динамикасын көрсететін стратегиялық қадам байқалады.  Университет соңғы жылдары білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулерді, халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді. Қазіргі заманғы Shakarim University – бұл сабақтастық қана емес, сонымен қатар, жаңа сын-қатерлерге ашықтық, әлемдік білім кеңістігіне интеграция, трансформацияға дайындық.

 

Жаңа атаудың мәні неде?

 Жаһандық сәйкестендіру – халықаралық серіктестер мен ғылыми қауымдастықтар арасында оқуға жеңіл әрі танымал атау.

Академиялық күш – жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласындағы жоғары стандарттарға сай болу. 

Динамика және өсу – инновацияға, технологиялық дамуға ұмтылу, әлемдік сын-қатерлерге сәйкес  болу.

 

 

Бұл тек қана атаудың өзгеруі емес!

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жетекші университеттер академиялық мұрагерлікті, халықаралық орынды және бәсекеге қабілеттілікті көрсететін біртектес, ықшам атауларға ие болуға ұмтылады. Гарвард, Кембридж, Оксфорд, MIT секілді атаулар жоғары білім деңгейінің, инновациялардың, ғылыми жаңалықтардың ортасы ретінде бірден танымал. Shakarim University мықты ғылыми базасы бар, жаһандық ынтымақтастыққа бағдарланған университет болып,  осы қатарға қосылуды мақсат етіп отыр.

Ғылым мен инновацияның негізгі орталықтарына айналған әлемнің табысты аймақтық университеттері жайлы  мысалдар:

Lund University (Швеция) – инженерия, медицина және нанотехнология саласында  стандарттар орнатқан Солтүстік Еуропаның жетекші университеті.

Kyushu University (Жапония) – атом энергетикасы және материалтану саласындағы ғылыми әзірлемелер мен инновациялардың басты орталығы.

Technische Universität Dresden (Германия) – Еуропадағы өнеркәсіптік кластерлермен байланыстарды белсенді дамытқан техникалық білім беру  көшбасшыларының бірі.

Остиндегі Техас университеті (АҚШ) – инженерия, энергетика және IT саласында жетекші орын алатын ең ірі аймақтық университет.

 

 

Әрі қарайғы қадамымыз

Shakarim University ұлттық және халықаралық рейтингтердегі орындарын нығайтуға, жаңа білім беру бағдарламаларын дамытуға және ғылыми зерттеулерді нақты экономикаға интеграциялауға арналған стратегиялық бағытты жалғастырады. Университет елдің болашағын қалыптастыратын күшті зияткерлік орталыққа айналады.

Бұл – құжаттардағы өзгеріс қана емес, алға жылжу, өсу, даму жолына түсуге деген саналы таңдау. Бүгінгі таңда аймақтың және бүкіл елдің даму бағдары дәл осы жерде, көшбасшылықты өз мойнына алуға дайын университеттерде қалыптасуда.