Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі25 наурыз 2022мектеп оқушылар, батл

ШӘКӘРІМДЕ ТАНЫМДЫҚ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Мектеп оқушыларының білімге, ғылымға қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту, интеллектісі жоғары тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында Шәкәрім шаңырағында «INTELLECTUAL BATTLE» атты танымдық-интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Сайысқа 6 мектеп, атап айтқанда №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі , №43 ЖОББМ, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия , №41 ЖОББМ , №23 ЖОББМ өзара мықтыны анықтады.
Сайыс үш айналымнан тұрды. Жеңімпаз бен жүлдегерлер үш кезеңде жинаған ұпай көлемі арқылы анықталды.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Айта кетейік, 25-26 наурыз және 28-29 наурыз күндері 11-сынып оқушыларына «I go to Shakarim» фестивалі өтеді.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы