Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 сәуір 2022семинар, гэф

СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕЛЕРІНІҢ TEDx СЕМИНАРЫ

Білім алушы студенттің мамандық бойынша теориялық білімін және практикалық біліктілігін сапалы қалыптастыру үшін, ғылыми-ізденушілік тұрғысында зерттеушілік жұмысты дәріптеу үшін студенттік ғылыми үйірменің маңызы зор.
Осы орайда, бүгін Шәкәрім университетінде Ғылым апталығы аясында Гуманитарлық-экономика факультетінің студенттік ғылыми үйірмелерінің студенттері арасында семинар өткізілді.
МАҚСАТЫ:
  • - студенттердің ғылыми жұмыстарындағы ізденістік бағытқа бетбұрыс жасау;
  • - теориялық білімдерді практикалық негіздермен ұштастыру;
  • - университеттің коммерциализация бағытындағы пәрмен қызметін арттыру.
Гуманитарлық-экономика факультетінде төрт кафедраның негізінде 7 ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Олар:
  • 1. Тарих және құқық кафедрасындағы «Археолог және полиграф», «Заңгер», «Софийцы»;
  • 2. Қаржы кафадрасында «Клуб Адама Смита»;
  • 3. Психология кафедрасында «Зерде»;
  • 4. Өнер және музыка кафедрасында «Музыкант-ізденуші», «Шабыт палитрасы».
Аталған СҒҮ-сі және оның мүшелері, яғни студенттер, осы сәтке дейін өздерінің мамандықтары негізінде түрлі ғылыми семинарлар, конференциялар, форумдар, симпозиумдар т.б. қатысып келеді.
Семинар екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «ҚОҢЫР ПЛАЩ» тақырыбында 7 ғылыми үйірме мүшелерінің ТЕDx форматындағы дәріс-семинары болды.
Жиын соңында университеттің коммерциализация бағытындағы пәрмен қызметін арттыру үшін бірқатар ұсыныстар айтылды.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы