AI SANA жобасы аясында Шәкәрім университетінде Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының таланттар экожүйесін дамыту жөніндегі менеджері Сымбат Саматқызы Советхалықовамен кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттерге Huawei компаниясының Қазақстан Республикасындағы қызметі туралы ақпарат беріліп, компанияның жаһандық білім беру бастамаларына қатысу арқылы ашылатын мүмкіндіктер кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, Huawei ICT Academy бағдарламасы мен...