22 мамырда Шәкәрім университетінде «Ұлттық спорт түрлерін білім беру жүйесіне интеграциялаудың инновациялары мен перспективалары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Қазақ күресі мен тоғызқұмалақ зияткерлік ойынын Қазақстанның білім беру жүйесінде дамыту жолдарын талқылау аясында ұйымдастырылған іс-шараға оқытушылар, жаттықтырушылар, студенттер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Семинардың мақсаты – қазақ күресі мен тоғызқұмалақ сияқты қазақ ұлттық спорт түрлерін әртүрлі білім беру мекемелерінің оқу бағдарламаларына кеңірек енгізу мүмкіндіктерін талқылау. Қатысушылар тәжірибе алмасып, өскелең ұрпаққа осы пәндерді оқытудың тиімді әдістемелерін талқылады.
Семинар теориялық, практикалық бөлімдерді қамтыды.
Абай облысы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Саяхат Мұхтаров «Ұлттық спорт түрлерін оқу және сабақтан тыс қызметке интеграциялау әдістемесі» тақырыбындағы баяндамасында өз тәжірибесімен бөлісті.
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 3-курс студенті Дамир Қанағат «Университеттің ұлттық спорт түрлерін ілгерілетудегі рөлі» тақырыбында баяндама жасап, жоғары білімнің дәстүрлі пәндерді таныту мен дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 3-курс студенттері әрі «Дала қырандары» қоғамдық қозғалысының өкілдері Нұржан Мэлсов пен Әмір Нұрсайынұлы жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау жөніндегі қоғамдық бастамалар туралы айтып, жастарды мәдени мұраны сақтау мен дамытуға тартудың маңыздылығын атап өтті.
Қатысушылар қазақ күресі, тоғызқұмалақ, садақ ату және асық ату ойындары бойынша шеберлік сабақтарға қатысу мүмкіндігіне ие болған семинардың практикалық бөлімі ерекше қызығушылық тудырды. Тәжірибелі шеберлер осы дәстүрлі спорт түрлері техникасының қыр-сырымен бөлісіп, жетістікке жету құпияларын айтты.
Іс-шара ұлттық спорт түрлерін білім беру жүйесіне ықпалдастыру бағытындағы маңызды қадам болды.
Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және құнды идеялары үшін алғыс білдіреді.



