Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі20 наурыз 2025дәстүр

ЮНЕСКО ТІЗІМІНЕ ЕНГЕН «БЕТАШАР» ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕДІ

2024 жылдың желтоқсан айында қазақ халқының ежелден келе жатқан «Беташар» дәстүрі ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілген болатын. Бұл шешім Парагвай астанасы Асунсьонда өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қабылданған-ды.

 

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің тапсырмасына сәйкес 20 наурызда Шәкәрім университетінде Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілген элементтерді танымал етуге бағытталған ашық дәріс және көрініс өткізілді.

 

 

«Ғұрыптардағы параллельдер арқылы түрлі аспектіде қарастырылатын беташар жырының генезисі және оның тәрбиелік мәні» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты, «Тарих» кафедрасының профессоры Амантай Исин дәріс оқыса, тарих ғылымдарының кандидаты, «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы Зәуре Мұқатаеваның ұйымдастыруымен «Қазақ халқының үйлену салтындағы ерекше қайталанбас жырларының бірі ретіндегі беташар» көрінісі қойылды.