Minor «Домбыра ансамблі»

Домбыра ансамблінде ойналатын  әр түрлі жанрдағы шығармаларды меңгереді және көпшілік алдында орындап

 

Мақсаты

Қалыптасатын негізгі құзіреттер

Оқыту нәтижелері

Бірлескен орындау дағдыларын қалыптастыру және әр түрлі  шығармаларды орындауда студенттердің  қызығушылығын ояту.

 

Дуэт, трио, квартет, квинтет және т.б. ансамбльдік серіктерімен бірігіп шығармаларды орындау, ерекшелігін анықтайды.

Студент бойында жауапкершілік сезімі дамиды, музыкалық қабілеті жетіліп,ансамблде ойнау тәртіпке үйретеді. 

 

 

Minor курстары

Сипаттамасы

  1.  

             Фольклорлық ансамбль                                                                                                                                 

Фольклорлық ансамбль – білімі жан - жақты, әрі кәсіби білімі жоғары деңгейдегі орындаушы-музыкант тәрбиелеу, теориялық және тәжірибелік дайындығын тереңдетіп, қоғамдық санаткерлік ойлау жүйесі қалыптасқан  маман болуына бағдар беру; қазақ халқының ән-күйлерін меңгеру, әртүрлі техникалық тәсілдер мен амалдарды игере отырып, ансамбль репертуарының пәндік жүктемедегі қорын жетік білу; орындау техникасын ұштау; шығарманың мазмұны мен мағынасын түсіндіре алу; партияның техникалық күрделігін менгеру.

       2.

Камералық ансамбль

Камералық ансамбльде кәсіби дәрежеде ойнауға студенттерді машықтандырып, тәрбиелеу,студенттердің ой-өрісіне дұрыс көркемдік талғам мен стиль сезімдерін қалыптастыру,жеке аспаптармен арнайы жұмыс жасау, шығарманың фразаларымен,  динамикалық белгілерін, кульминациялық жүрісін талдау, Мектеп ансамбілі репертуарымен танысып, үйрену. Күй жанрын ұлттық өнер ретінде меңгеру, Шығарманың техникалық жағын жетілдіру. Концерттік дайындық.  Репертуарларын толықтыру.

       3.

Аспаптық ансамблі

Аспаптық ансамбльдің  формалары және жанры. Ансамбльмен шығарма ойнау және орындаушылық шеберлігін арттыру. Қазақтын халық күйлерін, әртүрлі жанрдағы шығармаларды  ансамбльге лайықтап орындау. Ритмдік бірлікті тәрбиелеу.  Қазіргі заманға сай аспаптық ансамбльмен үндесе қосылып ойнау,  көп дауысты шығармаларды тыңдай білу, екінші дауысты ести білу,  ой өрісін кеңейту және тұтас шығармашылық ұжымды құру;.жоғары техникалық деңгейдегі шығармаларды ойнау.

 

Білім беру