AP23484846 "Тағам қауіпсіздігі мен дұрыс тамақтанудың заманауи талаптарына сай келетін экологиялық таза шикізаттан жасалған жартылай фабрикаттар технологиясын әзірлеу"

Жоба жетекшісі: Нұрымхан Гүлнүр Несіптайқызы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.


Өзектілігі:

Ұсынылып отырған ғылыми жоба жаңа жартылай фабрикаттар рецептурасы мен технологиясын қарастырумен қатар, оларды коммерциализация бойынша өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелердің маңыздылығын арттыруды көздейді. Ғылыми жоба аясында жергілікті экологиялық таза шикізаттардан өндірілген жартылай фабрикаттардың бірнеше жаңа түрлері алынатын болады.


Мақсаты:

Экологиялық таза шикізаттан жасалған жартылай фабрикаттардың технологиясын жаңа тізбекте құрастыру, өндірістен сатылымға дейінгі өмірлік циклінің тәуекелдерін бағалау және тағамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


Күтілетін нәтиже:

Экологиялық таза шикізаттардан өндірілген жартылай фабрикаттар ассортименттерін көбейте отырып, жаңа цех құрылады

Экологиялық таза шикізатты өңдеу кезінде тәуекелдерді басқару бойынша әдістемелік нұсқаулар жасалады

Тамақ өнімдерін бақылау жүйесі құрылады

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің жұмыс тобы туралы ереже» жасалады
Қауіпті факторларға талдау жасалады

ХАССП жоспары жасалады

Жаңа тамақ өнімдеріне нормативтік-техникалық құжаттама жасалады

Өндірістік процестерді бақылау және бақылау нысандары жасалады

Экологиялық таза шикізаттан алынған жартылай фабрикаттар түрлерінің сапасының кешенді көрсеткіштері, тамақ қауіпсіздігі зерттеледі, нормативтік-техникалық құжаттама әзірленеді, технология сынақтан өткізіледі

Science Citation Index Expanded индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша 50 (елу) кем емес процентилі бар жобаның ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 3 (үш) мақала және (немесе) шолу жарияланады

кемінде өнертабысқа 1 патент (ол бойынша оң шешімді қосқанда) алынады

1 (бір) философия докторы PhD дайындалады.


Қол жеткізілген нәтиже:

-