Талдау және стратегиялық жоспарлау орталығы - университеттің білім беру қызметтерін ұсыну сапасының әлеуметтік мониторингісін қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу, ақпараттық-талдау және консультациялық-әдістемелік, сонымен қатар университеттің даму бағдарламасының көрсеткіштеріне қол жеткізу шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіретін құрылымдық бөлімше.
- білім алушылар, ПОҚ және университет қызметкерлері арасында өзекті тақырыптар мен сауалнама сұрақтарын әзірлейді;
- білім алушыларға, оқытушыларға, қызметкерлерге, сондай-ақ Абай облысының мектеп оқушылары мен басқа да мүдделі тұлғаларға (стейкхолдерлерге) тұрақты түрде социологиялық сауалнамалар жүргізеді;
- ақпаратты жинау және өңдеу, мәліметтерді талдау және бағалау, аналитикалық есептерді, ұсыныстарды дайындау;
- оқу үдерісінің сапасын арттыру шеңберінде социологиялық зерттеулер жүргізуге құрылымдық бөлімшелерден өтінімдерді қабылдайды;
- университетте кадрлар даярлау сапасын төмендететін келеңсіз құбылыстардың таралуын шектеуге мүмкіндік беретін талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды қалыптастырады;
- университеттің даму бағдарламасының жоспарының нысаналы индикаторларының орындалуын талдайды;
- университеттің даму бағдарламасының жоспарының көрсеткіштеріне қол жеткізу шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.
- университеттің даму бағдарламасының көрсеткіштеріне қол жеткізу шеңберінде жоғары мектептер мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметін үйлестіреді.