15 қыркүйек 2023

Сынық қанат көбелек – ол да өмір іздемек!

  

15.09.2023 жылы жаратылыстану–математика факультетiнің 2 курс кураторы Жумаханова Дария Ануаровнаның сұранысы бойынша  ИР 201 тобы студенттерімен  психологиялық орталық жетекшісі профессор Ш.Сатиева «Сынық қанат көбелек – ол да өмір іздемек» тақырыбында крауд тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты  студенттердің коммуникациялық қарым – қатынас дағдыларын дамыту. Тренинг барысында студенттер коммуникативті автопортрет құрып, өздерінің жақсы, дамыту қажетті күшті және әлсіз жақтарын дамыту құралдарымен танысты.