Жыл сайын өткізілетін «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің Психологиялық қолдау қызметі оқушыларға арналған зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу бойынша негізгі ережелер жаднамасын әзірледі.
Жаднаманың мақсаты – оқушылардың зорлық-зомбылық пен буллинг мәселесі туралы хабардарлығын арттыру, оларға қауіпсіздік ережелерін үйрету және қажет болған жағдайда көмекке жүгіну жолдарын көрсету.
Жаднамада зорлық-зомбылық пен буллингтің түрлері, олардың белгілері, қатысты тұлғалардың рөлі, сонымен қатар, осындай жағдайларға тап болған кезде қалай әрекет ету керектігі туралы ақпарат берілген. Оқушыларға өзін-өзі қорғаудың, сенімді адамдарға жүгінудің, жағымсыз жағдайларды шешудің қарапайым, бірақ тиімді әдістері ұсынылған.
Психологиялық қолдау қызметі жаднаманы мектеп оқушыларына тарату арқылы олардың өз құқықтарын білуіне, қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге және зорлық-зомбылық пен буллингке қарсы тұруға шақырады.
Жаднамамен танысу және қосымша ақпарат алу үшін университеттің Психологиялық қолдау қызметіне хабарласуға болады.
Байланыс ақпараты
Мекен-жай: Глинки 20а, 6 қабат, 606 және 609 кабинеттер
Веб-сайт shakarim\_psychological\_center
https://www.instagram.com/shakarim__psychological_center/
#ҚатыгездіксізБалалықШақ #ЗорлықЗомбылықсызБалалық #БуллингкеҚарсы #ShakarimUniversity #ПсихологиялықҚолдау