🔹 Студенттерге арналған мотивациялық тренинг! 🔹
Психологиялық қолдау қызметі және Психология кафедрасының аға оқытушысы Серікбаева Н.Б., сондай-ақ Психологиялық қолдаудың Өңірлік әдістемелік орталығының әдіскері бірлесе отырып, Физика-химия ғылымының зерттеу мектебінің студенттеріне арналған
🌿 «Стрессті басқару. Менің оқу ресурстарым»
тақырыбындағы тренинг өткізді.
✨ Тренинг барысында студенттер: 🔹 стресс деңгейін анықтады
🔹 ішкі ресурстарын тануға бағытталған жаттығулар орындады
🔹 оқу барысындағы күйзелісті жеңудің тиімді тәсілдерін үйренді
🔹 рефлексия жасап, мотивацияны арттыру жолдарын талқылады
🧠 Бұл тренинг – білім алушылардың психологиялық тұрақтылығын арттыруға, оқу процесінде өзін тиімді басқаруға септігін тигізді.