23 сәуір 2025

«Стрессті басқару. Менің оқу ресурстарым» Студенттерге арналған мотивациялық тренинг!

🎓 Психологиялық қолдау қызметі мен Педагогика  кафедрасының аға оқытушысы Нурдильдинова К.А., Тлеутаева Г.Ж.  бірлесе отырып филология жоғары мектебі студенттеріне 🌿 «Стрессті басқару. Менің оқу ресурстарым» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг мақсаты:

«Стрессті басқару – менің оқу ресурстарым» тренингі білім алушылардың психологиялық тұрақтылығын арттырып, оқу үрдісіндегі күйзеліс жағдайларын тиімді басқаруға үйретуді мақсат етеді.

Тренинг барысында қатысушылар:

🔹Стресстің себептері мен әсерін түсінді

🔹Оқу барысындағы эмоционалды жүктемені азайтудың жолдарын меңгерді

🔹Өзін-өзі реттеу және мотивацияны сақтау дағдыларын дамытуды үйренді

🔹Сенімді ақпарат көздері мен пайдалы оқу ресурстарын тиімді қолдануды үйренді

🔹Жеке оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру тәсілдерін меңгерді

Бұл мақсаттар арқылы білім алушылар тек оқуында ғана емес, күнделікті өмірінде де ішкі тепе-теңдік пен тиімділікті сақтай алатын болады.