Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі16 қараша 2024co-working

«ЖАСSTAR» CO-WORKING ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

16 қарашада Shakarim University жастар жобалары мен стартаптарын қолдау және дамыту мақсатында «ЖасStar» Co-working  орталығын ашты.

«ЖасStar» коворкингін ашу — бұл Shakarim университетінің инновациялық және практикалық бағыттағы білім беру жағдайларын қалыптастырудағы маңызды қадамы. Жобаның негізгі мақсаты — студенттерге кәсіпкерлік идеяларын жүзеге асыру және стартаптарды іске қосу үшін ресурстар мен мүмкіндіктер ұсыну. Бұл өңірдің және жалпы Қазақстанның дамуына өз үлесін қосады.

«ЖасStar» коворкингінің ашылу салтанатына қатысқан  Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Зәки бұл Шәкәрім университетінің инновациялық және практикалық бағыттағы білім беру жағдайларын қалыптастырудағы маңызды қадамы екенін атап өтті.

Университет ректоры Думан Орынбеков Co-working  орталығының ашылуында барлық қатысушыларға   қолдау көрсеткендері  үшін алғысын білдірді. Ол көпшіліктің күш-жігерінің арқасында ескі, қараусыз қалған  ғимараттың екінші тынысы ашылғанын жеткізді.  Оқу орнының ректоры Бұл тек жұмыс істеуге қолайлы орын ғана емес, мүмкіндіктер алаңы екенін атап өтті. Мұнда әр адам өңірімізде және елде ертең сұранысқа ие болатын стартаптарды әзірлеуге мүмкіндік алады.

Орталықтың заманауи жабдықталуы мен тиімді ұйымдастырылған жұмыс ортасы студенттерге жобалармен жұмыс істеуге және идеяларын жүзеге асыруға ерекше мүмкіндік береді. Мұнда топтық жұмыс, жеке тапсырмаларды орындау және шығармашылық талқылауларға арналған арнайы орындар құрылды.

«ЖасStar»-да кәсіпкерлік, көшбасшылық және коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған шеберлік сабақтары, тренингтер мен білім беру іс-шаралары өтеді, бұл студенттерге нақты білім мен тәжірибе жинақтап, сұранысқа ие маман болуға мүмкіндік береді.

Shakarim University-дің 90 жылдық мерейтойы аясында Co-working  орталығының ашылуы университеттің жастарды дамытуға және аймақтың экономикалық және әлеуметтік өсуіне белсене қатысатын білікті мамандар даярлауға деген жауапкершілікке беріктігін  көрсетеді.

Жаңа орталық жастар бастамалары үшін шын мәнінде өсіп-өркендеуге мүмкіндік беретін алаңға айналады, студенттер мен жас мамандардың табысқа жетуіне ықпал етіп,  болашақта тұрақты даму жолын ашады.