AP 23485479 «Семей округіндегі қарулы бас көтерулер құжаттарда: қатысушылардың тарихы және тағдыры (1929-1931 ж.ж.)»
Жоба жетекшісі: Атантаева Бакыт Жумагазиевна, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Өзектілігі:
Жобаның өзектілігі, ауылдың/деревняның дәстүрлі экономикалық құрылымды күшпен өзгертуге жаппай мойынсынбауының және қарсылығының көрінісі - қарулы бас көтеруде болды. Ұсынылып отырған жоба, Қазақ АКСР-інің жеке бір Семей округіндегі ұжымдастыру кезеңіндегі қарулы бас көтерулерді зерттеп білуді, өкіметтің шекаралық аймақтағы репрессиялық саясатын, оны іске асырудың алгоритімі мен механизмін зерттеуді қарастырады. Кең ауқымды Абыралы, Толстоухов, Шыңғыстау, Шұбартау және оларға қарағанда көлемі шағын Алақ пен Қаражал сияқты қарулы қарсылықтарға анттропологиялық өлшем жасау, ауыл мен деревняға жасалған саяси зорлық жағдайындағы дәуірлік дейтіндей оқиғалардың шеңберінде, оған қатынасқандардың кейінгі тағдырларын ашуға бағытталған.
Мақсаты:
Жобаның мақсаты, 1929-1931 ж.ж. Семей округіндегі қарулы көтерілістердің өзіндік ерекшеліктерін алғаш рет ғылыми айналымға енгізілген мұрағаттық құжаттар негізінде, пәнаралық тәсілдер контекстінде антропологиялық фокус арқылы анықтау болып табылады.
Күтілетін нәтиже:
- зерттеудің методологиясы мен методикасы жетілдіріледі, тарихнамаға қатысты сұрақтар жүйеленіп, нақтыланады, қарулы бас көтерулердің мәселелеріне қатысты концептуалды баға беріледі, ғылыми зерттеуден тыс қалған зерттеу олқылықтары анықталады;
- осыған ұқсас аймақтық-тақырыптық зерттеулерге негіз бола алатын ғылыми-методологиялық кластер қалыптастырылады, жүйелілік-құрылымдық бағалау классификациясы жасалады, аул/деревняның қарсылық
образы және қарсы тұрудың динамикасы талданған қарулы қарсылық көңіл күйінің әлеуметтік-антропологиялық мазмұндағы типологиясы қалыптастырылады;
- көтерілістің идеологиясының әлеуметтік-баскөтерушілік құрылымы көрсетіліп, көтерілістерге қатысуға себептер және оның болуы мүмкін нәтижелерімен тікелей байланысы анықталады;
- қарулы көтерілістің әлеуметтік-демографиялық талдауы беріледі, оның белсенді қатысушыларының жеке тарихы көрсетіледі, қарулы бас көтерулер кезеңіндегі ауылдың/деревняның күн көруіндегі күнделікті стратегиясы мен тактикасы сипатталады;
- соттан тыс органдар қызметінің алгоритімі анықталады, тізім бойынша әрбір қатысушы нақтыланады, реабелитацияға жатқан көтерісшілердің аттары қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылыми жобаны іске асыру қорытындылары бойынша жобаны іске асырудың барлық кезеңінде мынадай ең төменгі нәтижелер алынатын болады:
- Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу;
- сонымен қатар, ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 4 (төрт) мақала немесе шолу;
- немесе Social Science Citation Index индекстелетін және Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу;
- сонымен қатар, ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шете шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу;
- немесе Web of Science базасындағы Arts and Humanities Citation Index индекстелетін рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 3 (үш) мақала және (немесе) шолу.
- кемінде өнертабысқа 1 патент (ол бойынша оң шешімді қосқанда).
Қол жеткізілген нәтиже:
Жобаның негізгі нәтижесі ғылыми айналымға алғаш рет енгізілген құжаттар жинағын отандық баспалардың бірінде басып шығару болмақ.