AP 23488882 "Электрондық білім беру ресурстары арқылы ағылшын тілінде академиялық жазуды оқыту әдістемесін жетілдіру"
Жоба жетекшісі: Дюсекенева Индира Муратовна, PhD
Өзектілігі:
Бүкіл әлемдегі, соның ішінде Қазақстандағы университеттер академиялық ынтымақтастық пен білім берудің көптеген мүмкіндіктерін пайдалану үшін интернационалдандыруға ұмтылуда. Сонымен қатар, ағылшын тілінде академиялық зерттеу жазу дағдыларын оқыту мәселесі оқытушылар үшін де, студенттер үшін де қиын, өйткені мамандандырылған кадрлар мен ағылшын тілінде академиялық жазуды оқытудың әзірленген әдістемесі жетіспейді.
Осыған байланысты ағылшын тілінде академиялық жазудың шет тіліндегі құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін әзірлеу ерекше өзекті болып отыр. Бұл жобаны тиімді іске асыруға электрондық білім беру ресурстарын қолдану ықпал етеді, бұл білім берупроцесіне қатысушылар үшін толық жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Мақсаты:
Жобаның мақсаты қазақстандық жоғары білім беру жағдайында оқытудың электрондықбілім беру ресурстарын пайдалана отырып, ағылшын тілінде академиялық жазудағдыларын қалыптастыруды оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді әзірлеуболып табылады.
Күтілетін нәтиже:
Зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар, монография, оқу құралдары жарияланады, конференцияларда баяндамалар ұсынылады.
- Ағылшын тіліндегіакадемиялық жазу бойынша тест тапсырмалар жинағы;
- Ағылшын тіліндегі академиялық жазу бойынша оқу құралдары басылып шығады;
Ағылшын тілінде академиялық жазуды үйрету үшін электрондық білім беру ресурстары, бейне курстар, оқыту курсы әзірленетін болады.
Сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер ресімделетін болады.
Жоба аясында Қазақстанда ағылшын тілінде академиялық жазу дағдыларын қалыптастыру мәселелері
бойынша шолулар жарияланып,ұжымдық монография шығарылады.
Академиялық жазу орталығы ашылады.
Зерттеу нәтижелері бойынша шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау
жоспарланған:
- Social ScienceCitation Index индекстелетін және Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақала немесе шолу;
- ҒЖБССҚЕК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда 2 мақала және (немесе) шолу.
Электрондық білім беру ресурстарын қолдана отырып, ағылшын тілінде академиялық жазу дағдыларын
қалыптастыру мәселелері бойынша семинар (вебинар) және республикалық конференция өткізілетін болады.
Қол жеткізілген нәтиже:
-