AP 23488960 «Отандық табиғи шикізат негізінде жаңа косметикалық өнім алу технологиясын әзірлеу»

Жоба жетекшісі: Мұсабаева Бинұр Хабасқызы, химия ғылымдарының кандидаты, профессор


Өзектілігі:

Қазақстан нарығында отандық косметикалық өнім өндірушілердің жетіспеушілігі. Қасиеттері косметологиялық өнімде пайдалану мүмкіндігіне бұрын зерттелмеген Шығыс Қазақстан аумағында емдік табиғи балшықтардың, рапалардың, жабайы өсетін дәрілік өсімдіктер мен мал шаруашылығы өнімдерінің болуы. Емдік балшықтарды, мал шаруашылығы өнімдерін және дәрілік өсімдіктерді қайта өңдеумен жаңа косметикалық өнімдер технологиясын әзірлеу перспективасы.


Мақсаты:

Шығыс Қазақстанның емдік балшықтарының үлгілеріне физика-химиялық және биологиялық зерттеулер жүргізу және қышқыл-сүт өнімдерінен, жиротоптан және өсімдік сығындыларынан табиғи қоспаларды іріктеу негізінде болашақ өнімнің прототиптерін ұсына отырып, косметикалық өнім өндіру технологиясын әзірлеу.


Күтілетін нәтиже:

емдік балшықтардың, дәрілік өсімдіктердің, мал шаруашылығы өнімдерінің үлгілерін іріктеу және космецевтикалық өнімдерге жарамдылығына зерттеу жүзеге асырылатын болады.

табиғи шикізаттан космецевтикалық композициялар жасалады, олардың тұрақтылығы зерттеледі.

тұрақты композицияларға тері үлгілерінде сынау жүргізіледі.

емдік балшықтар мен табиғи қоспаларға негізделген космецевтикалық өнім үлгілерінің кемінде 5 прототипі ұсынылатын болады.

болашақ өндірістің Бизнес-жоспарын жасау үшін қажетті параметрлерді ала отырып, өндірістің Технологиялық схемасы әзірленетін болады.


Қол жеткізілген нәтиже:

-