​Шәкәрім университетінің ғимараттары бойынша виртуалды турды әзірлеу

Жоба жетекшісі: Қожахметова Динара Ошанова, PhD


Өзектілігі:

Қазіргі уақытта барлық жоғары кәсіптік білім беру мекемелері мүмкіндігінше перспективалы студенттерді тартуға тырысады. Виртуалды экскурсияны әзірлеу және оны оқу орнының ресми сайтына енгізу ЖОО-ның танымалдылығына ықпал етеді, болашақ талапкерлер мен ЖОО арасындағы "қашықтықты қысқартуға", болашақ оқу орны, ЖОО-ның материалдық-техникалық базасы, студенттік өмір туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.



Мақсаты:

Шәкәрім университетінің ғимараттарына виртуалды экскурсиялар жасау. Болашақ талапкерлермен олардың ата-аналарын университеттің материалдық-техникалық базасымен және әлеуметтік нысандарымен таныстыру.


Күтілетін нәтиже:

Ұсынылған жоба Шәкәрім университетінің оқу ғимараттары бойынша виртуалды экскурсияны әзірлеуге және енгізуге мүмкіндік береді.


Қол жеткізілген нәтиже:

Студенттердің жұмыс нәтижелері бойынша университеттің ресми сайтында оқу ғимараттарының, спорттық ғимараттар мен жатақханалардың виртуалды туры орналастырылды (https://shakarim.edu.kz/en/site/panorama?pathway=universitet)